Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Ақ бота" -2016 балалар көркемөнер шығармашылығы байқауының ережесі
26-10-2016 10:22
«Құпталған»Павлодар қ. әкімдігіБілім беру бөлімінің басшысы ___________Г.Ш.Қадырбаева «Бекітемін»Ұйымдастыру комитетініңтөрайымы ______Л.М.Мағзамова
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, «Ақ Бота» XVI балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының ЕРЕЖЕСІ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ
  • балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, эстетикалық бағыттағы мекемелер арасындағы жұмыс тәжірибесінің алмасуы, дарынды балаларды айқындау және ынталандыру;
  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, достық пен татулыққа негізделген халықаралық және этносаралық сезімдерін тәрбиелеу;
  • балаларда отбасы және отбасылық қарым-қатынастардың жоғары құндылық түсінігін қалыптастыру
ТАҚЫРЫБЫ: : «Біз бақытты отбасында тұрамыз...». Бұл тақырыптың осындай мазмұны болуы мүмкін:
  1. «Қазақстанның достық елі»,
2.«Мен және менің отбасым»
  1. «Менің сыныбым»
  2. «Менің достарым»
  3. «Менің көршілерім» және т.б.
МІНДЕТТЕРІ: Жұмыста отбасыны қазіргі заманның басты құндылықтырының бірі ретінде көрсету. Отбасы тақырыбын кең мағынада ашып көрсетуге болады, яғни отбасы - Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың қауымдастығы. ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Жұмыстар кез келген техникада орындалуы мүмкін (кескіндеме, графика, аралас техника). Көшірме, қайта салынған суреттер, оқу жұмыстары, басқа оқу мекемесінде салынған суреттер, ересек адамдардың көмегімен салынған суреттер және өте төмен деңгейде салынған суреттер қабылданбайды. Әр мектептен 5 жұмысқа дейін қабылданады. Орта мектептеріне арналған пішім – А3, А-4 БКСМ және өнерстудияларға – А3, А2. ЖҰМЫСТАРДЫ НЫСАНҒА КЕЛТІРУ Жұмыстар 5-5-5-7 см мөлшерінде паспарттауға келтіру қажет (үлгі бойынша). Өнерстудиялар және БКСМ жұмыстары шынының астына салынады. Әр жұмысқа 5х12 см мөлшерінде 2 тілде жазылған, келесі үлгі бойынша этикетка тағылуы қажет:
«Менің отбасым»Иванов Андрей, 11 жаста №12 орта мектеп жет. Касымова Н.Р. «Моя семья»Иванов Андрей, 11 лет СШ № 12 рук. Касымова Н.Р.
Жұмыстарға екі экземплярда тізім қоса тіркеледі (үлгі тіркеледі). Жоғарыда жазылған талаптарға сай болмаған жұмыстар қабылданбайды КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
  • Жұмыстарды қабылдау10.16 – 01.11.16
  • Қабылдау уақыты – с. 09-00 – 12-00, с. 15-00 – 18-00. Сенбі, жексенбі күндерінен басқа.
  • Көрмені дайындау – 04.11.2016 ж.
  • Қазылар алқасының жұмысы – 07.11.2016 ж.
  • Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі – 11.11.2016 ж. сағ .11.00-де өтеді
  • (Конкурстың қатысушылары мен жетекшілері шақырылады)
  • Экспозиция №1 Балалар көркемсурет мектебінде 12.2016 ж. дейін жұмыс істейді.
  • Жұмыстарды қайтару -12.12.2016 ж
Көрсетілген уақыттан кейін жұмыстардың сақталуына мектеп жауап бермейді. Конкурс ойдағыдай өту үшін ұйымдастырушы комитет ұйымдастырылады. Оның міндеттері:
  • Конкурсты ұйымдастыру
  • Жұмыстарды қабылдау
  • Экспозицияны құру
  • Марапаттау салтанатын дайындау
  • Көрменің ашылуын өткізу
  • Қорытындылар жасау
  • Баспасөзбен жұмыс істеу
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАДАҚТАУ Әрбір жас категориясында гран-при мен үш бірінші орын белгіленеді, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік жетекшілерге алғыс хаттар беріледі. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Жұмыстар келесі параметрлер бойынша бағаланады:
  • Тақырыпты идея, тақырып және мағына арқылы жеткізу
  • Техникалық орындалуы
  • Бейнелеу сауаты
  • Жұмыстың эмоциялық әсер ету деңгейі
  • Автордың жеке қолтаңбасы
ТОПТАСТЫРУ Қатысушылар 3 категорияға топтастырылады:
  1. 7-ден 9 жасқа дейін
  2. 10-нан12 жасқа дейін
  3. 13-тен 16жасқа дейін
Орта білім беру мектептері оқушыларының жұмыстары мектептен тыс мекемелері жұмыстарынан жеке қаралады. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ Конкурстың қазылар алқасы құрамына Павлодар қ. суретшілері, оқытушылары және өнер зерттеушілері кіреді. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ Павлодар қ. №1 Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы Мекен-жайы: Ак. Бектуров к., 12 Хабарласу 55-64-43, 55-64-53 телефондары бойынша. ҮЛГІ. «Ақ бота» конкурсына қатысатын №_____ОЖББ мектеп оқушылары жұмыстарының тізімі. 2016 ж.
Оқушының аты-жөні Жасы,туған күні Жұмыстың атауы Техникасы ЖетекшісіАты-жөні(толық) Қосымша мәлімет (мекен-жайы, телефоны)
Нысанға келтіру үлгісі (паспарту).
5СМ
7СМ
Көлденең қою.
5СМ
7СМ
Тік қою.