Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Баянауыл палитрасы" жазғы лагері
03-07-2017 11:26

 Биыл №1 Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының пленэр сабақтары өзгеше өтті. Маусым айында оқушылар оқу күндерін Баянауыл Ұлттық Республикалық саябағының демалыс аймағында өткізді. Бұл ерекше пленэрдің ұйымдастырушысы Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебінің директоры болды. Павлодар қаласынан 11 адам және облыстың көркемсурет мектептерінен келген оқушылар табиғатты бейнеледі, әр түрлі бейнелеу техникаларымен танысты, сонымен қатар демалып та қайтты. Оқушылар «Березка» демалыс үйінде қоныстанды. Баянауылдың басқа жерлері сияқты бұл жер де өте әдемі болды, бұл жас суретшілердің шабыттануларына өте маңызды. Бұлтты күндердің көп болғанына қарамастан, оқушылар уақытты өте қызықты өткізді, яғни көлге шомылды, жергілікті хайуанаттар бағына барды, күннің керемет батуын қызықтады, аты аңызға айналған Жасыбай батырдың қабіріне жаяу барып қатты.

Пленэрге қатысқан мектеп (Павлодар қ. №1 БКСМ, Екібастұз қ. БКСМ, Жаяу Мұса ат. Баянауыл БӨМ) оқушылар мен оқытушыларға арнап шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар оқушылар танымдық, дамытушылық және біріктіруші ойындар мен байқауларға қатысты.

Баянауыл пленэрі жобасы екінші жыл жүзеге асырылып отыр. Оқушылар мен оқытушылар бұл керемет, әрі маңызды шығармашылық жоба келесі жылы да жалғасын табады деп үміттенеді