Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Э.М.Юрьев атындағы халықаралық балалар суретінің байқауы
26-09-2017 15:35
Э.М.Юрьев атындағы халықаралық балалар суретінің байқауы

     Бірнеше жыл бойы №1 Балалар көркемсурет мектебінің ұжымы Чебоксары қаласының №4 көркемсурет мектебімен серіктес болып жұмсы істейді. Бұл бағытта тәжірибе алмасу бойынша мектеп оқытушылары мен оқушыларының жұмыс көрмелері, байқаулар өткізіледі. Біздің мектебіміз әрқашан қатысатын серіктес мектептің дәстүрлі түрде өткізетін байқауларының бірі Э.М.Юрьев атындағы халықаралық балалар суретінің байқауы болып табылады. Осы жолы №1 Балалар көркемсурет мектебіміздің 22 оқушысы жұмыстарын байқауға жіберді. Қатысқан 574 адамның ішінде Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы аймақтарының 33 қосымша білім беру мектептерінен қатысқандар болды. 2017 жылдың 20 қыркүйегінде бұл байқау нәтижелері келді.
      Байқау жеңімпаздары болып біздің мектеп оқушылары атанды: «Клоун болғым келеді» жұмысы үшін 6 жасар Карасаева Агата (жет. Л.Б.Илларионова), «Құс болсам екен» жұмысы үшін 9 жасар Цысь Софья (Л.Б.Илларионова). Байқау дипломанттары: «Баскетболист болғым келеді» жұмысы үшін 7 жасар Давыдов Александр (жет. Г.М.Мұхаметқалина),»Маша және Миша» жұмысы үшін 6 жасар Фисенко Злата (жет. Л.Б.Илларионова).
     Екі мектеп оқушылары өздерінің шығармашылықтарымен үлкендерді қуанта отырып, мемлекеттердің жақындасуына өз үлестерін қосады.