Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Чехиялық жеңімпаздар
25-10-2017 03:45
Чехиялық жеңімпаздар

Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының оқушылары Чехиядағы халықаралық графикалық өнер байқауының жүлдегерлері атанды (2 орын).
2017 жылдың 8 қыркүйегінде Чехияның Гавиржов қаласында өткен 27 халықаралық графикалық өнер байқауында алғаш рет Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің 29 оқушысы қатысты. Байқауға бүкіл әлемнен «Транспорт» тақырыбындағы 1496 жұмыс жіберілген болатын. Қазақстаннан қатысқан 52 оқушының ішіннен Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының 2 оқушысы жеңімпаз атанды. 7 жасар Головчук Вера "Әкеммен дүкенге» жұмысы үшін (фломастер, жет. Г.М.Мұхаметқалина) және 6 жасар Ибрагимова Зарина "Қыдыртамын!» жұмысы үшін (пастель, жет. И.В.Масленникова) 2 орын медалімен марапатталды.
Сонымен қатар Соңғы көрмеге қойылған үздік жұмыстардың авторларына диплом берілді: Уалихан Расулжан, Весленева Арина, Дубкова Даша, Садуев Алияр, Несипхан Ермурат, Сансызбаева Аделина, Гагарина Диана, Абзал Инкар, Комарова Виолетта, Киселева Ирина, Кусаева Лейла, Бухтарова Татьяна, Хорцева Ксения, Коношонок Алена.