Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Ақ Бота" байқауының нәтижелері
15-11-2017 11:15

«Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламалары шеңберінде Павлодар қаласы № 1 Балалалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен 2017 ж. 10 қарашасында ХVI «Ақ бота» балалар бейнелеу шығармашылығы сайысы өткізілді. Оның мақсаты – балалардың туған жеріне, қаласына, еліне деген сүйіспеншілік қалыптастыру.

Сайысқа облыс аудандарынан, қалаларынан 200-ге жуық бала қатысты. «Менің қаламның сүйікті жерлері» болып конкурс тақырыбы тағайындалды. 24 мектептен (№ 39, 15, 22, 41, 27, 5, 11, 12, 9, 33, 43, 7, 42, 34, 30, 28, 6, 23, 24, 29 ЖОМ, № 8 лицей, Павлодар қ.№ 3 гимназия, Аксу қ. № 8 ЖОМ, Павлодар ауданындағы Ефремов ЖОМ), 11 қосымша білім беру мекемесінен (№ 1, № 2 Балалар көркемсурет мектептері, № 2 Балалар музыкалық мектеп, «Жігер» балалар жас өспірім клубы, Балалар-жастар экология және туризм орталығы, Павлодар қаласының М.Катаев ат. Оқушылар сарайы,Екібастұз қ. Балалар көркемсурет мектептері, Ақсу қ. Балалар өнер мектебі, баянауыл ауданының Майқайын Балалар өнер мектебі, Ақтоғвй ауданының Балалар өнер мектебі, дарынды балалар музыкалық мектеп-интернаты) 180 оқушы өз суреттерін жіберген.

Жеңімпаздардың жұмыстарын іріктеу және бағалау кезінде қатысушылардың жастары мен олардың кәсіби дайындық деңгейі ескертілд Орындар 3 жасқа байланысты категорияларда және 2 дайындық деңгейлерде берілді.

Сайыс нәтижелері бойынша гран-при жүлдесімен Плахотнюк Алиса, 13 жаста, « Көше шығармашылығы» суреті үшін марапатталды (№1 БКСМ). I орынды Қаршыға Думан, 8 жаста, «Геринг көшесі 76/2» суреті үшін (№ 12 ЖОМ), Ибрагимова Зарина, 7 жаста, «Мәңгілік оттың жанында» суреті үшін (№ 1 БКСМ), Никитина Юлия, 13 жаста, «Театр сквері» суреті үшін(№ 39 ЖОМ), Литау Милана, 10 жаста, «Местная достопримечательность» жұмысы үшін ( №2 БММ), Осинина Настя, 15 жаста, «Волшебство ночной набережной» суреті үшін ( №5 ЖОМ), Красильникова Александраға, 15 жаста, «Ескі қала» суреті үшін (№1 БКСМ) берілді.

II орынды Таттібаева Томирис 8 жаста , «Менің сүйікті үйім» суреті үшін, (№22 ЖОМ), Жеңісова Нурай, 9 жас, «Мұз айдында» ( Екібастұз қ. БКСМ), Новокрещенная Анастасия 12 жас, «Жағалау» суреті үшін ( № 42 ЖОМ), Биарстанова Анель, 13 жас, «Мешіт» суреті үшін ( №2 БКСМ), Братмайер Ангелина, 15 жас, « Менің қаламның жаңа құрылыстары» суреті үшін (№24 ЖОМ), Жүсіпова Аружан 16 жас , «Аула» суреті үшін (Екібастұз қ. БКСМ) алды;

III орын Кали Жанияға , 8 жас, «Менің мектебім» (дарынды балалар БММ), Юрасова Милана, 9 жас, «Туған калам» жұмысы үшін ( «Жігер БЖК, «Сауран» бөлімі), Ермолаева Николь, 10 жас, «Қала бақшасында» суреті үшін (№8 мектеп-лицейі), Аманжол Айдана, 11 жас , «Туған қалам Ақсу» ( Аксу қ. БӨМ), Головина Арина 14 жас, «Орындық» (43 ЖОМ), Илиязова Альмира, 14 , «Павлодар» (Майқайын БӨМ) алды..

СуретшіҒалым Қаржасов атындағы арнайы жүлдені Моисей Юлия, 16 жас, «Сүйікті кафе» суреті үшін алды (№ 1БКСМ).

Ынталандыру сыйлықтары мен дипломдарға Студеникина Анастасия (№ 2 БКСМ).), Давыдов Александр (№1 БКСМ).), Шакуова Лейла (№1 БКСМ).), Бакалу Аурика ( №1 БКСМ).), Бекбай Карина (№1 БКСМ).), Полянцева Ангелина (№1 БКСМ).), Қаршыға Дина (№12 ЖОМ), Лезина Дарья ( №1 БКСМ), Коряк Дарья («Жігер» БЖК, «Балшуақ» бөлігі), Оскембаева Сабина (оқушылар Сарайы), Халиулина Виолетта (№43 ЖОМ, Горбунова Алина ДХШ г.Экибастуза, Серикбай Алия, Болотова Регина (Ақтоғай ауд БӨМ), Жеңіс Камила (Екібастұз қ. БКСМ), Илларионова Анастасия ( №1 БКСМ), Солодченко Максим ( №1 БКСМ), Тасанбаева Анна (№1 БКСМ), Шевченко Александра (№1 БКСМ), Леоненко Степан (№1 БКСМ) ие болды.