Г. Потанин ат. мұражайындағы сурет көрмесі

Г. Потанин атындағы өлкетану мұражайында №1 БКСМ және №2 БКСМ оқушыларының сурет көрмесі ашылды. Әр жұмыста жаздың жарқын түстері көрініс табады. Жұмыстардың арасында киізден жасалған қызыл панно, гобелен; акрил, батик техникаларында орындалған, сонымен қатар тығыз кестелеу әдісімен бейнеленген көркем табиғат көріністері бар. Жазғы бейінде лагерь тәрбиеленушілері көрменің жиі келетін қонақтары болып табылады.