Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Көк тудың желбірегені» қалалық конкурсы
01-12-2018 14:21
«Көк тудың желбірегені» қалалық конкурсы

2018 жылдың 30 қарашасында № 1 балалар көркемсурет мектебінде қалалық балалар бейнелеу шығармашылығы сайысы бойынша марапаттау салтанаты және көрме ашылуы өтті. Бұл сайыс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналып, 15 жалпы білім беру мекемелерінің 60-тан астам оқушысының басын қосты. Олар «Көк тудың желбірегені» тақырыбындағы өз суреттерін ұсынды. Қатысушыларға жауапты тапсырма берілді: олар өз жұмыстарында мемлекетіміздің дамуы мен нығаюын көрсететін мейрамдарын, жарқын оқиғаларын, Қазақстан тұрғындарының бейбіт әрі бақытты өмірін көрсететін көріністерін бейнелеу керек еді.
Берілген тапсырманың қиын болғанына қарамастан, барлық қатысушылар терең мәнді әрі шығармашылдылықтарын көрсетіп жарқын суреттер салды. Қаршыға Дина (СОШ №12, руководитель Бейсеева Асель Бекжигитовна) , 2 место – Исенова Карина (СОШ №13 руководитель Аскапова Гульжиан Мукатаевна), 3 место – Сабирова Софья (школа-лицей №16 руководитель Ахметова Карашаш Мухамедьяновна).
Солардың ішінен қазылар алқасы 3 жұмысты биік бағалап, соларға жүлде орындарын берді. 1 орынға Қаршыға Дина (№12 ЖОМ, жетекшісі – Бейсеева Асель Бекжигитовна) ие болды, 2 орынға – Исенова Карина (№13 ЖОМ, жетекшісі – Аскапова Гульжиан Мукатаевна ), 3 орынға – Сабирова Софья (№16 мектеп-лицейі, жетекшісі – Ахметова Карашаш Мухамедьяновна).
Көк ту тақырыбы ашық аспан символы ретінде балаларға өте жақын болды. Балалар өз жұмыстарында Отанымызға деген махабаттарын, Елбасының жұмысын қалай түсінетіндерін және Отанға деген сүйспеншіліктерін білдірді. Айтарлықтай, қатысушылардың жұмыстары әр-түрлі техникаларда орындалғандықтарымен, қызықты идеяларымен, өмірсүйгіш көңіл-күймен ерекшеленді.
Қатысушылар мен жеңімпаздар қалалық байқауға қатысып, бақ сынасқандарымен шабыттанып, жаңа белестерге дайын.