Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарлық балалардың суреттері Иранда
12-02-2019 14:52
Павлодарлық балалардың суреттері Иранда

Иранның Тегеран қаласында өткен "Тегеран" атты жастар мен балаларға арналған 8-ші Халықаралық өнер сайысында Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің 9 балғын суретшілері жеңімпаз атанды. Мектеп оқушылары сайысқа "Су" және еркін тақырыпта орындаған 51 жұмыспен қатысты.

Осы сайысқа біздің оқушыларымыз жұмыстарымен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы әлемнің 40 елінен қатысқан 5740 жұмысынан 707 ең жақсы сурет іріктеді. 99 алтын алқа иегерінің ішінде Павлодар қаласы мектебінің үш оқушысы: "Көгілдір мысық" жұмысымен 7 жастағы Софья Часовских, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Иван Петров, 7 жаста, "Ақ қайыңдар орманы" және Матвей Дубвой, 5 жаста, "Тауыс" жұмыстарымен (жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова). 122 жүлдегерлердің арасынан күміс алқаға Павлодар қаласы мектебінің үш оқушысы ие болды : Анастасия Кузнецова, 5 жаста, – «Қой» жұмысымен», жетекшісі Гулнар Мерғалимқызы Мұхаметқалина, 9 жастағы Полина Ромакер «Жаңбырлы серуен» суретімен, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, 7 жастағы Лиана Хван «Көгершіндер» жұмысымен, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова .

Сонымен қатар ерекше орындалған жұмыстары үшін сайыс дипломдарымен осындай оқушылар марапатталды: Әйзия Сағадат, 6 жаста, «Түйе» атты жұмысымен, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, Арина Весленёва, 6 жаста, «Кірпі» туындысымен, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Эвелина Сивак, 8 жаста, «Түлкішек» суретімен, жетекшісі Наталья Ивановна Шахова. Медалистер жұмыстары «Тегеран» сайысы жеңімпаздары жиынтығына кірді.

«Біз балаларымыздың басқа елдерде көрсете білген жетістіктерін мақтан тұтамыз, өйткені олар Отанын даңқтайды. Балалар суреттері арқылы өздері мен өз халқы туралы жеткізе алады, сондай-ақ жеңімпаздар жұмыстары енген каталогқа қарап,бүкіл әлемде балалар өз суреттерінде бейбітшілікті, табиғатты, өз мемлекетінің көрнекі орындарын бейнелейді. Және бұл оларды жақындастырады",- деді мектеп басшысы Лейла Мұқарамқызы Мағзамова.