Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 4 -11 маусым аралығында Баянаул ұлттық табиғи саябақтың төңірегіне барып "Баянауыл палитрасы" көшпелі пленер-мастер-класына қатысты. Сабақтар күндерінде 11 оқушы ұстаз Гүлнәр Мерғалымқызы Мұхаметқалинаның жетектеуінде "Березка" демалыс үйінде тұрды.
Екібастұз қаласының көркемсурет мектебі мен Баянауыл ауылының өнер мектебі оқушыларымен бос уақытын өте қызықты және көңілді өткізді. Павлодарлықтар пленерден 30 дан астам сурет әкелді. Әдемі Баянауыл пейзаждарын акварель, пастель, коллаж, графика техникаларында жас суретшілер өз парақтарына түсірді.
Осы мерзімде қызықты саяхаттар мен жорықтар орын алды. Оқушыларға тауға көтерілу өте қатты ұнады және олар тау етегінде орналасқан Жасыбай-батыр ескерткішінде болып, оның ерлігі туралы аңызды естіді. Балалар үшін, Торайғыр ауылындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайға және Баянауыл ауылында орналасқан Қ.Сәтпаев атындағы мұражайына, мыстан шатқалы мен Кемпіртас тауына танымдық саяхаттар болды. Олар Торайғыр және Сабындыкөл көлдері жанындағы қандыағаш ағаштарын көріп, таза бұлақ суын ішіп, атақты қазақ ғалымдары, ақындары мен билері шыққан жерлерге барды.