Жапонияның Канагава қаласындағы балалар бейнелеу шығармашылығының 20-шы халықаралық биенналесі.
Павлодарлық Лаура Сүлейменова Жапонияның Канагава қаласында өткен халықаралық байқауда жеңісі үшін медальға ие болған жалғыз Қазақстандық атанды. Бұл байқау түрлі елдердің мыңдаған балаларын біріктірді, тек қана Павлодар көркемсурет мектебінің ЮНЕСКО клубынан 32 оқушы қатысты. Суреттерді балалар еркін тақырыпта бейнеледі. Төрт жасар Лаура ұстазы Лариса Борисовна Илларионованың жетекшілігімен "Дос қыздар" суретін салды. Сонымен қатар "Теңіз тасбақасы" жұмысы үшін 6 жасар Полина Юстус дипломмен марапатталды, жетекшісі Анна Валерьевна Аткина. Жас суретшілер өздерінің шетелдік достары мен үлкен өнер бағалаушыларын қайталанбас шығармашылықтарымен қуантты.