Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ұлттық нысандағы қуыршақтар көрмесі
30-04-2020 14:05
Ұлттық нысандағы қуыршақтар көрмесі

Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күніне орай Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар көркемсурет мектебі «Бейбітшілік пен бірлікте біргемізВместе в мире  и единстве» атты ұлттық қуыршақтардың қашықтықтағы көрме-галереясын дайындады. Жалпы білім беретін мектептердің 10 - 11 жас аралығындағы 80-нен астам оқушысы халық ертегілері мен аңыздары бойынша қуыршақтар дайындауға қатысты. Дайындық барысында қатысушылар жүн, сым, мата, жіп, түрлі түсті саз қолданып, папье-маше, мүсіндеу, киіз басу, тігу сияқты әр түрлі техникаларда орындаған. 

Оқушылар 80-нен астам қуыршақтар дайындады. Ангелина Чижованың, Жансая Қасеннің, Ангелина Реваның, 10 жас,  «Эстондар» қуыршақтары киіз басу арқылы жасалынды.  10 жасар Давид Смолин, Милана Бейсембаева «Черкес» қуыршақтарын, Доминика Конева, 10 жас, «Башқұрт» қуыршағын сымнан, түрлі-түсті саздан және аралас техникадағы матадан орындады. 10 жастағы Маргарита Чичмаренко «Армянка» қуыршағын тігу және мүсіндеу техникаларында орындады. Әр қатысушы өз қиялын, ептілігін және шеберлігін көрсетті. Балалардың жұмысына педагогтары Светлана Евгеньевна Рейн, Ольга Ивановна Левина, Раиса Петровна Степанко ерекше махаббат пен шығармашылық енгізді. «Оқушылар дайындаған ұлттық қуыршақтар - бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, өскелең ұрпақты Қазақстан халқының бірлігі дәстүрлерінде тәрбиелеу мақсатындағы Ұлттық жаңғыру мектебімен бірлескен жоба бойынша көркемсурет мектебінің жылдық жұмысының нәтижесі», - дейді мектеп басшысының орынбасары Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина. 

Көрмеге мектеп тәрбиеленушілерінің 20-ға жуық үздік жұмыстары ұсынылды. Көрме Павлодар қ. білім беру бөлімінің, Балалар көркемсурет мектебінің әлеуметтік желілерінде ұсынылатын болады.