Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар көркемсурет мектебі қала күніне арналған "Менің сүйікті қалам-Павлодар" атты онлайн блиц-байқауын өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10-15 жас аралығындағы 30-дан астам бала қатысты.
Оқушылар суреттерінде көшелер, үйлер, шағын бақтар, ескерткіш орындар, қаланың көрікті жерлері, павлодарлықтарға қымбат және таныс адамдар бейнеленген. Әр түрлі техника мен стильде орындалған қатысушылардың суреттері әдемі болып шықты.
Блиц-байқауының барлық қатысушылары ішінен "Батырмолдағы демалыс күндер"суреті үшін № 26 ЖОМ оқушысы Мария Куциль І орынды иеленді. "Мен өз туған қалам Павлодарды жақсы көремін. Отан сенің үйіңнің табалдырығынан, туған көшелеріңнен, жүрегіңе жақын жерлерден басталады. Суретті сауда орталығына арнадым, ол маған ашылған уақыттан бері ұнайды", - дейді байқау жеңімпазы.
IIорын "Павлодар орталық жағалауы.Сахна» атты суреті үшін М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Аянат Сарсембаева берілді. Ол, жақын арада біздің қалаға 300 жыл толатынын және өзінің ұрпағы, сонымен қатар жалпы қаланың әрбір тұрғыны туып өскен жерін білгені және бағалағаны өте маңызды екенін атап өтті.
"Менің сүйікті қалам, бәрі жақсы болады!" суреті үшін Эвелина Галипад, № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы және "Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт" суреті үшін № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Амира Лиясова III орынға ие болды.