Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодар қ. БКСМ оқушылары Ресейдегі академиялық сурет сайысында жеңіске жетті
07-08-2020 16:31
Павлодар қ. БКСМ оқушылары Ресейдегі академиялық сурет сайысында жеңіске жетті

Павлодар көркемсурет мектебінің жас суретшілері 2020 жылы Липецк қаласында Балалар көркемсурет мектептері мен балалар өнер мектептеріне арналып өткізілген 10 Бүкілресейлік "Дәстүрлер" атты академиялық сурет және кескіндеменің  байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты: академиялық сурет салу мектептерінің дәстүрлерін сақтап қалу, ең талантты оқушыларды анықтау және қолдау, ұстаздарды кәсіби тұрғыда өсуге және өз жұмысының тиімділік көрсеткіштерін арттыруға ынталандыру.

       Біздің мектептің төмендегі 14 қатысушысы: 14 жастағы Амина Сафарметова - "Гармония" атты кескіндеме бойынша орындаған жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломмен, жетекшісі Сидоренко Оксана Валерьевна, Виктория Правдивец, 14 жас - "Композитор кеші" атты сурет бойынша орындаған жұмысы үшін 3 дәрежелі дипломмен, жетекшісі Дистель Елена Ивановна байқаудың жеңімпаздары атанды. Жеңімпаздарды дайындағаны үшін мектеп ұстаздары Оксана Валерьевна Сидоренко мен Елена Ивановна Дистель алғыс хаттармен марапатталды.