Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Бояулар құпиясы» Республикалық байқаудың облыстық турының нәтижелері
24-09-2020 12:44
«Бояулар құпиясы» Республикалық байқаудың облыстық турының нәтижелері

         “Бояулар құпиясы" республикалық қашықтық байқауының облыстық турында қатысушылар 2 бағытта ат салысты: көрме және байқау. Павлодар облысының жалпы білім беру, көркемөнер және өнер мектептерінен 47 бала қатысты.

        Байқау білім басқармасының форматында өткізілді. Байқау бағытында "Сүйікті кітап иллюстрациясы" номинациясы бойынша келесі орындар анықталды: 1 орынды Павлодар қ. БКМ 13 жастағы оқушысы Настя Пичахчи, "Абай Құнанбаевтың "Жаз" өлеңіне Иллюстрация " суреті үшін иеленді, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.Ол жұмысын акварель бояулары және гельді ручкамен графика техникасында орындады. "Коллаж" номинациясында 1 орынды Павлодар қ. БКМ оқушысы “Баянауыл” суреті үшін 14 жастағы Абылайхан Абылкасимов иеленді,жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова.

        Суретті ол қағаз және картонды қолдана отырып аралас техникасында орындады . "Бояулар құпиясы" номинациясында Павлодар қ.БКМ 14 жастағы оқушысыАльфия Шаймуратованың  "Баянауыл пейзажы" атты суреті үшін 3 орын берілді, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко. Барлық жүлдегерлер қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары болып табылады және олардыбейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік біріктіреді.

       Байқау сонымен қатар балаларды жалпы шығармашылық процесте біріктіре отырып, әртүрлі бейнелеу техникаларына деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілді.