Беларусияда "Өз жерінде" XV халықаралық кескіндеме және графика байқауы 2020 жылдың маусым айында өтті. "Егін" тақырыбында өткен байқауғаПавлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 51 оқушысы өз суреттерін ұсынды. Бұл кескіндеме және графика техникасының әртүрлі нұсқаларында жасалған жұмыстар болды.
Байқау лауреатының дипломын "Жемістің хош иісі" жұмысы үшін 8 жастағы Павел Береснев жеңіп алды, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова. Павел суретті өзінің сүйікті әдістерінің бірі – пастель техникасында орындады.
Минск қаласында өткен көрменің 5 қатысушысының үздік жұмыстары дипломдармен марапатталды: Азиза Алпамысқызы, 7 жаста, "Мен бахчедамын" суреті үшін, гуашь, жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Амина Белгибаева, 7 жаста, "Қарбыз" жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Амелия Звягина (6 жаста), "Күзгі дайындамалар" жұмысы үшін конкурс дипломы, аралас техника, жетекшісі Л.Б. Илларионова, Артем Розов, 7 жаста, "Ақылды кірпі" жұмысы үшін конкурс дипломы, гуашь, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, Саида Хамитова, 7 жаста, "Әуесқой торғай" суреті үшін, гуашь, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова.