Сенім телефоны
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Мекенжайы: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық семинар
23-10-2023 23:57
Қалалық семинар
«Театр ойнаймыз» жобасы аясында, сондай – ақ педагогтарды мектепке дейінгі – экотеатрдың экологиялық – эстетикалық дамуы бойынша жұмыстың инновациялық формасымен таныстыру, экотеатрдың ерекшеліктерін, оны пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарау мақсатында 2023 жылғы 17 қаңтарда «Павлодар қаласының №3 сәбилер – бақшасы –Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған қалалық семинар өтті. Тақырыбы: «Экотеатр-мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық – эстетикалық дамуы бойынша жұмыстың инновациялық түрі»
Семинар модераторы Құндыз Мұратханқызы Рахымжанова, Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері. 
«Павлодар қаласының №3 сәбилер – бақшасы-Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК әдіскері Ольга Николаевна Жигалова балабақшаның визит карточкасын ұсынды.
Семинар спикерлері «Павлодар қаласының №3 сәбилер – бақшасы – Мектепке дейінгі экоцент орталығы» КМҚК педагогтары болды. Диана Туржановна Ахмедова, тәрбиеші, «Экотеатр - мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық - эстетикалық дамуы бойынша жұмыстың инновациялық түрі» тақырыбымен, Анна  Владимировна Вербовая, «Экотеатр арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық және дене тәрбиесін интеграциялау» ДШ нұсқаушысы, Қымбат Оразымбетқызы Бекмуратова, музыка жетекші –«Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі шеңберіндегі экологиялық театр», Жанара Хасанқызы Мұстафина, қазақ тілі мұғалімі –«Мектеп жасына дейінгі балалармен қазақ тілін үйренуде экотеатр элементтерін пайдалану», Анастасия Андреевна Мамаева, логопед –«Экотеатр логопедиялық сабақтарда мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеуде интеграцияланған тәсілді іске асыру әдісі ретінде», Айгуль Миирмановна Тлеуберлина, психолог – «Экоертегі мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды және коммуникативтік дамуын қалыптастыру құралы ретінде», Ольга Николаевна Жигалова, әдіскер – «Рефлексивті мишень» рефлексиясын өткізу арқылы семинарды қорытындылады.
Балабақша педагогтары семинар қонақтарымен тәрбиешінің балабақшадағы экотеатрдың логопедпен, психологпен, қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі туралы бөлісті. Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және табиғатқа ұқыпты қараудың тиімді құралы болып табылады.
Атап айтқанда: тәрбиеші-экотеатрдың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы. Ол экотеатр тұжырымдамасын жасайды, мамандар арасында рөлдер мен міндеттерді бөледі, екеуінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.