Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)63-23-46
Мекенжайы: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
семинар
28-01-2025 13:44
семинар
2025 жылғы 28 қаңтарда «Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы-Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК қабырғасында жарқын оқиға – "Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие - білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері"атты қалалық семинар өтті. Құзыреттілік орталығының жұмысы аясында педагогикалық ұжым мектеп жасына дейінгі балалар үшін білім беру ортасын ұйымдастырудың бай тәжірибесімен бөлісті.
Спикерлер-Б.К. Жумагулова, А. А. Казакова, А. А. Бекишева және Д. Т. Ахмедова мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерінің жарқын мысалдарын ұсынды. Балаларға дидактикалық ойындар арқылы қазақтың дәстүрлі құндылықтарын сіңіру тақырыбы, бүлдіршіндерге арналған география бойынша көпфункционалды оқу құралын әзірлеу, сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану және оқытудың ойын және эксперименттік әдістерін интеграциялау – осы бағыттардың барлығы семинарға қатысушылардың мүдделі талқылауының тақырыбына айналды. Спикерлер ұсынған практикалық ұсыныстар мен авторлық әзірлемелер педагогикалық қызметте кеңінен қолданылатыны сөзсіз.