Ересек "Б" тобында "Менің көмекшілерім тістер" Қауіпсіздік негіздері бойынша ашықсабақ өткізілді. Ашық сабақты 1-дәрежелі тәрбиеші Н.Е. Курлиутова өткізді. Осы сабақтың мақсаты. тістер құрылымын білу, адам өмірінде олардың маңыздылығын білу. Мектепке дейінгі жаста балаларда биологиялық ұғым мен тістерге күтім жасау бойынша гигиеналық ұғымдарды қалыптастыру маңызды. (тістерді тазалау, тамақтан кейін ауыз қуысын шаю, тіс ауруы кезінде тіс емханасына қаралу және тіс ауруларын алдын алу). Балаларды тістерге күтім жасау дағыларын дамыту, жеке гигиена тәртіптерін бекіту болып табылады. балалар қызығушылықпен "тістерге не пайдалы, не зиян?" атты тұсаукесерді қарады. Балалар "Тістерді емдейік" ойынын макетте ойнап, тапсырмаларды орындады.
"Менің көмекшілерім тістер" ашық сабақ Н.Е. Курлиутова