Жоба мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларда салауатты өмір салттарының негіздерін қалыптастыру. Жоба міндеттері
: балаларда спорт және оның түрлері туралы білімдерін дамыту және бекіту; дем алу мен спорт туралы білімдерін кеңейту, ненін керектігін, ненін керісінше зиян келтіретіні білуді үйрету, денешынықтыруға және спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өз денсаулықтарына ұқыпты қарауды қалыптастыру - осыған орай мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулықты сақтау үшін жағымды орта жасау; ата-аналарды балалармен бірлесе спорттық-сауықтыру іс-шараларына жұмылдырып, қызығушылықтарын арттыру, отбасы мен балабақша арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу бірліктерін қамтамасыз ету. 13-сәуір күні сағат 15.30 "Спорт-денсаулық" атты қысқа түрде жоба тұсаукесері өтті. Үлкен жұмысты тәрбиеші Н.Е. Курлиутова, балалармен мен ата-аналар атқарды. Өз тұсаукесерлерін қорғаған: Жексембаев Назар «Денің сау болғын келсе, шынық», Агапов Матвей «Спорт –денсаулық»,Тезичева Виктория «Менін отбасымдағы спорт»,Гринякин Константин «Жүзу– керек». Шебер-класс көрсеткендер: «Біз қалай шынығамыз» Таранов Захар, Разминка "Бізбен бірге жаса!" -Ахатов Савелий және Питерский Данил. Балалар спорт туралы тақпақтар айтты, әрбірі осы шағын мерекенің қатысушысы болды! Ата-аналар өздерінің эрудицияларын көрсетіп, жұмбақтар, жаңылпаштар айтты. «Менің сүйікті спорт түрім», Плакатов «Спортжәне балалар.», "Отбасыда спорт!" Г.И.Пфунд балалар мен ата-аналармен жарысып та шықты. Достық жеңді!!Қатысушылардың барлығы медальдармен марапатталды! Ал ата-аналар әртүрлі акциялар мен сайыстарға белсенді қатысқандары үшін грамоталарымен марапатталды!!!