5 ақпан күні біздің балабақшада "Әке, ана және мен - спорттық отбасы" қызықты старт өтті. Даярлық "Б" тобының ата-аналарымен және балаларымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: меткепке дейінгіжастағы балалар мен ата-аналар арасында дене шынықтыру мен спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Әр отбасылық команда өздеріне девиз ойластырып таныстырды: "Тату отбасы" - Карелия Петухованың отбасысы, “Жолбарыстар”-Оразали Танырдың отбасысы, “Апельсиндар”-Данил Рамазановтың және Саша Лапшинның отбасылары… Балалар мен ата-аналар эстафеталарда шапшаңдылықты, жігерлікті, шыдамдылықты, кеңістікте жақсы бейімделе алатындарын көрсетті. 1-орынды "Тату отбасы"; 2-орынды - "Апелсиндар" және 3-орынды "Жолбарыстар" иеленеді.”Барлық команда қатысушылары күш қуат алып, жағымды эмоцияларға ие болды. Ата-аналарға топтың өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз. Стартты өткізгендер- Г.И. Пфунд, Н.А. Крюкова, С.А. Ляшенко, С.И. Малышева