3 маусым күні біздің балабақшада мектепалды топтарында "Доп мектебі" атты спорттық мереке өтті. Балаларға қонаққа профессор Мячиков келді , ол балаларға доп туралы көп қызық нәрселер айтты., қонақтар мен балаларды әртүрлі доп ойындарын ойнауға шақырды. Үлкендер де балалар да жарыста үлкен қызығушылықпен қатысты. Ойын түрінде балалар доп туралы және доппен ойнайтын әр түрлі спорт ойындарының түрлері туралы білімдерін нығайтты.
Доп- баланың қол қимылын дамытуда ерекше орын алатын ыңғайлы динамикалық ойын. Мектепке дейінгі жаста доппен ойнайтын ойындар баланың бойына қарай қиындай түседі.Доптың әсері физикалық, интелектуалдық даму ғана емес сондай-ақ эмоционалды. Бала доппен ойнап қана қоймайды, ол оны қозғалыста ұстайды: алады, басқа жерге апарады, қояды, лақтырады, домалатады ол баланың қолын дамытады. Қол қимылы сондай-ақ сөйлеу дағдысын дамытуға көмектеседі. Балалар доптың қасиеттерімен таныса отыра , әртүрлі қозғалыстарды орындап (лақтыру,домалату, допты қуу және т.б.) барлық дене буындарына (кеудеге,қарын пресіне,аяқ,қол, қол буынына )жүктеме алады.,олардың барлық организімі жанданады.