Қазақстан конституциясы мейрамына және жол қозғалыс кауіпсіздігін алдын- алу үшін біздің балабақшамызда жол қозғалыс ережелерін үйрету бойынша "Бағдаршамға көмек" атты эко-квест жүргізілді.
Бұл күні балалар мерекесіне көңілсіз Бағдаршам келді. Неліктен ол көңілсіз болды? өйткені ол өзінің түрлі-түсті шамдарын жоғалтып алды, сондықтан жолдағы қозғалысты басқара алмайды. Бірақ балалар бағдаршамға көмектесетін болды, кесте картасы арқылы түрлі-түсті шамдарды іздеуге аттанды. Ізденіс кезінде балалар бағыттаушымен танысты, таяқпен басқаруды үйренді. Викторина сұрақтарына жауап беруді, пазлдарды жинап жол белгілері кестесін анықтауды үйренді. Әрбір өткен кезең үшін балалар түрлі-түсті щеңбер алды. Сонымен барлық кезеңдер өтіліп бағдаршам жанды. Көңілді бағдаршам балаларға ЖЖЕ карточкалары мен тәтті сыйлық берді. Мереке қызықты және жаң-жақты өтті. Барлығы жолдағы қауіпсіз жол ережелерін қайталады, жол белгілерін түсініп айыра білуді үйренді, бағдаршам белгілері жөнінде білімін бекітті. Мерекені ұйымдастырып жүргізген : Г.И.Пфунд,Е.Ю.Романова, Н.Е.Курлиутова.