"Рухани Жаңғыру" жобасы шегінде біздің балабақшамызда даярлық тобында "Знатоки природы" атты спортты-экологиялық демалыс өткізілді. Шараның мақсаты балалардың өз өлкелерінің табиғаты (құстар, жануарлар, өсімдіктер )туралы түсініктерін анықтап кеңейту ; демалыс орындарында экологиялық қауіпсіз дағдыларын қалыптастыру. Бір-біріне және табиғатқа мейірімділікпен қарауға үйрету. Экологиялық тәрбие-бұл адамгершілікке, руханилыққа, танымдыққа тәрбиелеу,ол бала жүрегінде өз табиғатына, өз үйіне және отбасына деген махабаттты, жақын адамдарымен туғандарының еңбегімен құрылған мемлекетінің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті баулиды. Тәрбиеші Н.Е.Курлиутова ата-аналармен , балалармен бірлесе отыра демалысқа алдын-ала жұмыстар жүргізді: әңгіме, онлайн-саяхат, серуендеу кезіңдегі бақылау, шығарма оқу, өз өлкесінің жануарлары мен құстары, жәндіктері туралы видеофильмдер көрсетілді. Балалар "Ромашки" және "Васильки" топтары болып жарысты. Құстарға тамақтар дайындап , демалыс орындарындағы қоқыстарды жинады. Балалар өздерінің туған өлкесін қорғау мәселесі бойынша өздерінің экологиялық біліктіліктерін көрсетті. Өте танымды және қызықты болып өтті.
Спортты-демалысты жүргізген: Пфунд Г.И,Курлеутова Н.Е., Малышева С.И.