Терек бұтақтарын бақылау
Балалар табиғат құбылыстарын бақылауды ұнатады. Ересек "Б" тобында тәрбиешілер Ю.В.Исабаева және Е.Ю.Романова терек бүршіктерін басқа да ағаштармен салыстырды. Далада топтағы вазада олардың өзгеріс құбылыстарын бақылады. Бақылаудың мақсаты- терек бұтақтары бүршіктерінің дамуын бақылау-эксперименті арқылы танымдық қызметке қызығушылықты арттыру болып табылады. Өсімдіктер тірі және өсіп дамиды, ол үшін қажетті жағдай жасалуы қажет- жарық, су, жылу, күтім.