Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Адрес: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Қауіпсіз қала" квест-ойын
20-08-2019 11:01

 «Қауіпсіз қала»квест-ойын іс-шарасы «Туған жер» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.  

Отаншылдық туған жерге, елге, қалаға деген махаббаттан басталады. Отаншылдықтың негізі – өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс бағытта тәрбиеленуі болып саналады.  Мектепке дейінгі жас – жеке тұлға ретінде қалыптасуға, өмірдің маңызды тәжірибелерін алатын, салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыратын  маңызды кезең.

Мектепке дейінгі жастағы балаға жақын арада өздігінен жолдан өтуге тура келеді. Сол уақытта ол жүргінші мен жолаушы міндеттерін біліп, оларды орындауы тиіс. Сол себепті балаға күнделікті өмірде, қоғамда, табиғатта қауіпсіз тәртіп негіздерін үйрету керек.

Осы мақсатпен Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің футбол алаңында «№ 3 сәбилер бақшасы» МҚКК, « № 31 сәбилер бақшасы «МҚКК, « № 32 сәбилер бақшасы» МҚКК, (« №37 сәбилер бақшасы» МҚКК мектепке дейінгі мекемелермен бірлесе отырып «Қауіпсіз қала» квест-ойын іс-шарасы өткізіледі.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың өмір әрекеті мен қауіпсіз негіздерін қалыптастыру.

Мерекенің басты кейіпкерлері - Инспектор Мигалочкин,  Карлсон,  Искорка балаларды қауіпсіз қала бойынша саяхат жасауға шақырады. Жол жүру ережелерін, су маңында қауіпсіз ережелерін, үйде терезе алдында өзін-өзі ұстау ережелерін бекіту болып табылады. Балаларды сызба карталары арқылы қай жерде орналасқанын, маршрут бағытын анықтауға үйретеді. Ойындар үрдісінде танымдық қасиеттер дамиды.

Біз осы іс-шара арқылы балаларда жарақат әкелетін төтенше жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттерді қалыптастыра аламыз деген ойдамыз.