Сенім телефоны
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Мекенжайы: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдық таңертеңгіліктер
27-12-2019 14:11
Жаңа жылдық таңертеңгіліктер

24 желтоқсан мен 27 желтоқсан аралығында біздің балабақшада ертегілер залында жаңа жылдық қойылымдар өтті. Аяз Атамен, Ақшақармен, Қыңыр, тышқан ханы кейіпкерлерімен 10 естен кетпейтін кездесулер болды. Балалар өздерінің тақпақтарымен, билерімен Аяз Ата мен Ақшақарды қуантты. Ата-аналар мерекеге дайындалуға белсенді ат салысты: аналар мен әжелер әдемі костюмдер тікті, сонымен қатар жаңа жылдық қолдан жасалған бұйымдар жасады.  Таңертеңгіліктерге қатысқан балалар ертегілер әлеміне шомды. Әндер, билер, хормен жүру, ойындар, байқаулар және керемет тосын-сыйлар балаларды күтіп тұрды. Ал бізге, педагогтарға Жаңа жылға арналған сый - балалардың бақытқа толы көздерін және ата-аналардың ризашылық көру болып табылады. 

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!