Апталықтың жоспарына байланысты бекітілген 5-8сыныптар арасында информатика пәні бойынша сайыс өткізілді. Сайыстың «Тапқыр информатиктер» деп аталды.
Сайыстың өткізілу мақсаты:: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Сайысқа 5-8сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Монитор» және «Интернет» топтарына бөлініп, сайыстың 6-кезеңіне жауапкершілікпен қатыса білді.Оқушылар сайыстың әр кезеңінде өздерінің білімдерін шыңдай білді. Сайыс соңында топ басшылары ұпайларды есептеу барысында «Монитор» тобы 33ұпай, ал «Интернет» тобы 27ұпай деген қорытынды жасады. Нәтижесінде Оқушылар «Монитор» тобы 1-орын, ал «Интернет» тобы 2-орын алды.Оқушылар сайыс өте қызықты өтті деген әсер қалдырды.
Сайыстың өткізілуі барысында мектеп әкімшілігі тарапынан, тәрбие ісінің меңгерушісі Айгуль Идрисовна қатысты.