
2017 жылғы 27 наурызда біздің балабақша базасында "Арнайы мектепке дейінгі мекемелер жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды медициналық-педагогикалық қолдау" тақырыбында қалалық семинар өтті.
Осы семинарға 30-дан астам адам қатысты: Павлодар қаласының ПМПк мамандары, психологтар, дефектологтар, логопедтер, арнайы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері.
"Павлодар қаласының №52 арнайы балабақшасы" басшысы А. Е. Юсупова кіріспе сөз сөйледі.
Семинарды Павлодар қаласының ПМПк басшысы С. А. Айтбаева ашып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың негізгі мәселелерін атап өтті. Бағдарлама барысында Павлодар қаласының ПМПк мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мінездеме беріп, арнайы мектепке дейінгі мекемелер жағдайында оларды оңалту технологиясын ұсынды. Сонымен қатар №14 балабақшаның психологы З. К. Букембаева "Аутист балаларды кешенді оңалту жүйесіндегі шығармашылық оңалту орны" тақырыбында баяндама жасады.
Біздің балабақшадан жас мамандар: А. Е. Тохтаралиева – дефектолог, "Психикалық дамуы тежелген балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу" тақырыбында, Н. А. Зикен – логопед, "Сөйлеуі бұзылған балалардың логопедиялық сабақтарына уәждемесін арттыру" тақырыбында баяндама жасады. Мамандар балалардың оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыру үшін жеке және кіші топтарда сабақта қолданатын дидактикалық ойындар, құралдар ұсынды.
Бұл семинар мамандардың, педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы білімдерінің ой-өрісін кеңейтуге, оларды қоғамда оңалту және әлеуметтендіруге ықпал етті.