«Әнұран» челленджі
Республика күніне арналған «Әнұран» челленджіне біз, К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары мен оқушылары, зор ықыласпен қатысып отырмыз!
Бұл челленджді біз М. Әлімбаев атындағы мектептен қабылдап алып, жалынды эстафетаны Ш. Шөкин атындағы мектепке жолдаймыз. ✨
Отанға деген сүйіспеншілік пен бірлікті дәріптейтін бұл шара баршамыздың жүрегімізге рух пен шабыт сыйлайды.


