«1001 мақал, 101 жұмбақ»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі шеңберінде 16.10.2014 жылы 5 «а» сыныбында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ашық сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Мақал-мәтелдер , жұмбақтар , шешендік өнер– ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, мақал-мәтелдердің сыңарын жалғастыру, жұмбақ шешу, қасиетті сандарды табу және т.б. тапсырмалар бойынша сайысты. Сабақ өте қызықты өтті.