Бүгінгі күнді балалар таңғы жаттығудан бастады. Әдемі әуеңмен балалар денелерін шынықтырды. Мәжіліс залында балалардың назарына Астана қаласы туралы бейнефильм көрсетілді. Мектеп кітапханашысы балаларға «Астана – менің мақтанышым» атты конференция қткізді. Соңында викторина өтті. Балалар осы іс-шараға белсенді қатысты. Медбике көзді қалай сақтау туралы әңгімелеп берді. Балалар көзге арналған жаттығуларды орындады. Сағат 12.00. «Нептун» бассейініне барып қайтты. Түскі ұйқыдан кейін балалар Астана күніне арналған концертке дайындалды.