Он алтыншы маусым күні жазғы лагерьде «Қауіпсіздік күні» аталып өтті. Балалардың «жолда жүру ережелері» тақырыбына салынған суреттеріне сай, ақпараттық көрме ұйымдастырылды. «Жолда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет!» атты ойын жүргізілді. Балалар жолда кездесетін қауіпсіздік белгілерін еске түсіріп, өз ойларынан жаңа белгілерді ойлап тапты. Қалған отрядтар Ұлы Отан соғысы мұражайына барып, экскурсияға қатысты.