Он төртінші маусым күні балалар Гагарин паркіне барып, «Жазғы ғажайыптар» атты қалалық жоба негізінде ұйымдастырылған «Қағаздан жасалған қанаттар» атты іс-шараға қатысып, бүктеу арқылы жасаған ұшақтарын ұшырды. Ең жақсы деп аталған жұмыстар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Балалар Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барып «Сезон охоты» атты қызықты мультфильмді тамашалады. Кейін көтеріңкі көңіл-күймен мектепке оралып, «Сенім» атты психологиялық орталығында өз жұмыстарын жалғастырды.