«Достық күні»
Сегізінші маусым күні жазғы лагерьде «Достық күні» аталып өтті. Таңғы жаттығулардан кейін «Денсаулық және біз» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Жақсы көңіл-күймен біз «Балалар техникалық мектебіне» барып, жаңа үйірмелермен таныстық. Денсаулығымызды нығайту мақсатында Нептун бассейініне бардық.

