"Танысу күні"
Маусымның екінші күні №4 жалпы орта білім беру мектебінде жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Мерекелік іс-шарадан кейін балалар «Золотой дождь» атты сауық кешіне жол тартты. Жас әншілердің өнерлерін тамашалағаннан кейін балалар түрлі ұлт өкілдері тұратын «Бірлік» атты киіз үйді тамашалауға барды. Өздерімен бірге «Без прошлого нет будущего» атты оқулықты естелікке алып келді.
