Павлодар қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___»_________
№_____қаулысымен
бекітілді
«Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі»
мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысанында бiлiм беру, тәрбиелеу мiндеттерiн іске асыру үшiн құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме.
3. Мемлекеттік мекеме 1972 жылғы «6» тамыз айындағы Павлодар қаласының еңбекші депутаттары қалалық кеңесінің орындаушы комитетінің шешімімен құралды.
4. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган - Павлодар қаласының әкімдігі.
5. Мемлекеттік мекемеге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын құрылтайшысы болып табылатын жергілікті атқарушы орган – Павлодар қаласының әкімдігі жүзеге асырушы.
6. «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
7. Мемлекеттiк мекеменiң мемлекеттік тілдегі фирмалық атауы: «Павлодар қаласының Камал Мақпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттiк мекеменiң орыс тіліндегі фирмалық атауы: государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа имени Камала Макпалеева № 4 города Павлодара».
8. Мемлекеттiк мекеменiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Гагарин көшесi, 58.