Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
24-01-2018 17:09
 «Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы  №4 жалпы орта білім беру мектебі»  мемлекеттік мекемесінің  Жарғысы

 Павлодар қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___»_________
№_____қаулысымен
бекітілді


«Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі»
мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы

1. Жалпы ережелер

1. «Павлодар қаласының Камал Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысанында бiлiм беру, тәрбиелеу мiндеттерiн іске асыру үшiн құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме.
3. Мемлекеттік мекеме 1972 жылғы «6» тамыз айындағы Павлодар қаласының еңбекші депутаттары қалалық кеңесінің орындаушы комитетінің шешімімен құралды.
4. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган - Павлодар қаласының әкімдігі.
5. Мемлекеттік мекемеге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын құрылтайшысы болып табылатын жергілікті атқарушы орган – Павлодар қаласының әкімдігі жүзеге асырушы.
6. «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
7. Мемлекеттiк мекеменiң мемлекеттік тілдегі фирмалық атауы: «Павлодар қаласының Камал Мақпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттiк мекеменiң орыс тіліндегі фирмалық атауы: государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа имени Камала Макпалеева № 4 города Павлодара».
8. Мемлекеттiк мекеменiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Гагарин көшесi, 58.