Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған қалаға экскурсия
23-04-2018 08:37
Туған қалаға экскурсия

Павлодар облысының 80-жылдығына орай біздің сынып туған қала бойынша экскурсияға барды. Балалар қызығушылықпен экскурсоводтың Ертісте салынған қала туралы әңгімесін тыңдады.

Біз тарихи-өлкетану мұражайына, 1999 жылы салынған  Благовешенск Кафедралды  шіркеуге бардық. Балалар шіркеу Мәскеу үлгісімен салынғанын білді. 1890 жылы салынған  көпес Сорокинның үйіне бардық. Жолшыбай  Майра Шамсұтдинованың шығармашылығы туралы білдік, татар көпесі Абдула Фаттах Рамазановтың үйінде орналасқан Майраның  мұражайын көрдік. А.Деров көпістің қаражатына  салынған Владимир училищесін көрдік.Көпестер С.Я. Охапкин, Зайцевтың үйлерін көрдік. Мәшһүр Жүсіп атындағы  қаланың бас мешіті  балаларға  ерекше әсер етті. Балалар  мұсылмандардағы үйлену дәстүрін көрді. Павлодар қаласының Ертіс өзені жағалауында орналасқан "Гусиный перелет" палеонтологиялық ескерткішке бардық.Өзен жағалауында ежелгі жануарлар сүйектері жерден көрініп жатыр, оларды  мұнда  миллиондаған жыл Ертіс суы әкелді. Мұнда  көне  үштұяқты ат "гиппарионның", үлкен мүйізді бұғының сүйектері бар.

Үш сағат тез өтті. Сүйікті қала туралы  білгеніміз қанша?Қаншаны әлі білмейміз?

Гүлден, өркендей бер, сүйікті қала!