Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан Республикасының Рәміздер күні.
04-06-2019 23:47
Қазақстан Республикасының Рәміздер күні.

Бүгін мектеп жанындағы лагерьде Қазақстан Республикасының Рәміздер күні.

Біздің таңымыз "Бодрячок" атты әсерлі жаттығудан басталды. Содан кейін таңғы жиында мектебіміздің медбикесі "Температуралық режим" тақырыбында әңгіме өткізді. Кейін Е.В.Литвиненко "Көңілді ғарыш айлағы" ойынын өткізді. Балалар мозайкаларды құрастырып, өлеңдер жазды, логикалық сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар спорттық этафеталарға қатысты.

Бірнеше отряд Д.Багаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барды. Балаларды өлкеміздің ежелгі табиғатын ашатын палеонтология залы қарсы алады. Көптеген экспонаттар 150 млн. жыл бұрын облыстың көп бөлігін лепидодендронды ормандар мен папоротниктер алғанын дәлелдейді.  Бұл залда аймақтың ежелгі фаунасының үлгілері ұсынылды. Ақпарат балалар үшін өте қызықты және танымды болды.

Сонымен қатар "Бұл өте қызықты"атты викторина өтті. Балалар табиғат және жануарлар әлеміндегі қызықты фактілер туралы танымдық видео-бейнелерді көрді."Қазақстан Республикасының рәміздері"атты викторина өткізілді. Балалар ҚР рәміздерінің авторларын, сондай-ақ олардың мағынасын еске алды. Патриоттық ән шырқап, біздің Отанымыз туралы әр түрлі өлеңдер айтты.

Біздің мектептің денешынықтыру мұғалімдері"Стайтинейджер" атты эстафеталар өткізді. Қарсыластар өз күштеріне сенімді, лайықты және креативті болды.        Балалар түрлі бағыттар бойынша пайдалы білім алып, өздерінің шығармашылық және физикалық қабілеттерін көрсетті.