Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қоршаған ортаны қорғау күні
05-06-2019 23:54
Қоршаған ортаны қорғау күні

"Жас экологтар" күні

Қоршаған ортаны қорғау күні

Бүгін «Жұлдыздар» атты мектеп жанындағы лагерьде жас эколог, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау күндері аталып өтті. Таңертең әсерлі жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар тәрбиешілер "Табиғатты сақта" және "Пайдалы дәрілік шөптер"тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл күні тәрбиешілер (Е. В. Плитко) "Жұмбақ жол"атты экологиялық ойын өткізді. Ойын балаларды өз бетімен білім алуға, табиғат және оның заңдылықтары туралы білімді қалыптастыруға ынталандырады. Балалар театрландырылған көрініс көрсетті, онда негізгі кейіпкерлер әртүрлі өсімдіктер болды.

Оқушылар сарайында "Жарық жұлдыз"атты экскурсия өтті. Бағдарлама бірнеше блоктарға бөлінді, біздің балалар Астрономиялық блоктан өтті. Әр түрлі планеталарды көріп, олардың ерекшеліктері мен орны туралы білді. Сонымен қатар балалар жұлдыздарды телескоп арқылы көре алды. Бұл өте қызықты болды. Балалар түрлі бағыттар бойынша пайдалы білім алып, өздерінің шығармашылық және физикалық қабілеттерін көрсетті.

7 отряд Ж. Аймауытов атындағы театрға барды. Онда "Жеті ойыншықтың жеңісі"атты ертегісі ойналды. Балалар ертегі әлеміне қызықты саяхат жасады, театр актерлері өз ойындарымен таң қалдырды.

Сонымен қатар 4 сынып оқушылары "Супер ұлдар"жазғы жобасына қатысты. 1 тур "Бәрінен жақсы"деп аталады. Біздің команда "Трансформерлер" таңбасымен сахналық қойылым түрінде өзінің таныстыру карточкасын көрсетті. Балалар қиял әлеміне үңілді. Өз таланттары мен шығармашылығын көрсете алды.

2 отряд Әскери Даңқ мұражайына барды. Балалар Ұлы Отан соғысының оқиғалары көрсетілген негізгі залға барды. Біздің балалар соғысты солдаттар көзімен көрді, оны сезінді, қару-жарақ, фотосуреттер, ордендер мен медальдар, ҰОС қатысушыларының жеке құжаттары мен хаттары сияқты шынайы экспонаттармен танысты.

Балалар К. Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығына барды. Оқушылар "Садко" атты мультфильмді тамашаларды. Қызықты мультфильмнің ертегі кейіпкерлері балаларды ғажайып атмосфераға бөледі.