Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Біз және заң" атты ғаламшар күні
11-06-2019 23:47

"Біз және заң" атты ғаламшар күні

 

Таңымыз жағымды жаттығудан басталды. Жаттығудан кейін отряд жетекшілері "Зиянды әдеттер" тақырыбына әңгіме жүргізді. Балалар жиі кездесетін зиянды әдеттер туралы білді. Мысалы, біреуді балағаттау, өтірік айту, темекі тарту және басқалар.

Кейін мектеп алаңында А. Б. Назымбеков "Көңілді акватория" атты спорттық сауықтыру сайысын өткізді.  Балалар белсенді қатысып, өз командаларына қатты риза болды. Әрине! Достық жеңді!

Бірнеше отряд Ертіс синема кинотеатрына барды. Олар ханзада болғысы келетін  Аладдиннің тарихын қарады. Балалар Аграбаның керемет жерлерін тамашалап, басты кейіпкерлермен бірге саяхаттады.

Балалар Ж. Аймауытов атындағы театрға барды. Онда "Қожа және спорт" атты қызықты  ертегіні көрді. Басты кейіпкер балаларға ерекше қызықты болды, өйткені  оны ең тапқыр және күлкілі кейіпкер ретінде қарастырды.

Достық үйінде Балаларға арналған танымдық сабақтар ұйымдастырылды. Балалар барлық ойындар мен дәрістерге қатысты. Оның ішінде тәжірибелік сабақтар да болды. Онда балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алды.

Бейіндік отрядтары Лингостарт атты ойындар аялдамасына саяхат жасады. Өте қызықты болды!

"Стилисты -2019 "атты қалалық жазғы жоба балалардың эстетикалық талғамдарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өз есігін ашты. Біздің балалар осы жобаға белсенді қатысты. Балалар өз мүмкіндіктерін барынша көрсете білді.