Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Ең ақылдылар" атты ғаламшар күні .
14-06-2019 21:03

"Ең ақылды" атты ғаламшар күні

Бүгін ауа-райының жаңбырлы болуына қарамастан балалар жақсы көңіл-күймен келді. Таңертең  "Бодрячок" атты таңғы жаттығулар өткізілді. Бүгін біздің мектеп психологы "Ең қызықты сәттерді белгілеймін"( арттерапия) байқауын өткізді. Ол суреттердің түрлі нұсқаларын ұсынды. Балалар акварельмен сурет салып жан-жақты шығармашылық тұрғысынан дамыды. Ең тартымды суреттерден көрме ұйымдастырылды.

Біздің кітапханашы И. Ю. Абрамова " Павлодар. Тарихқа көзқарас". Балалар қаламыздың көрікті жерлері туралы айтты. Біздің балалар мұражайлар, театрлар мен ескерткіштер туралы көп танымды және қызықты ақпаратты білді.

Сонымен қатар балалар ұлттық ойынымыз асық ойынын ойнады. 2 отряд өзара сайысқа түсті, әрине, ең үздік отряд анықталып грамотамен марапатталды.

Шахмат кабинетінде мектеп деңгейінде турнир өтті. 3-4 сынып оқушылары өзара сайысқа түсті. Турнир жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Біздің информатика мұғалімдері "Балаларға арналған танымдық және қызықты сайттар" атты іс-шара өткізді. Балалар уақытты керемет өткізді!

"Галлифрей" бейіндік орталығында "Бізді қоршаған тарих"атты дөңгелек үстел өтті. Балаларға Павлодар облысының көрікті жерлері туралы айтылды. Өте қызықты талқылау өтті.