"К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" бастауыш сынып онкүндігі басталды.
22 қарашада "К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" бастауыш сынып онкүндігі басталды.Биыл онкүндік жаңа форматта "Жаңа мектептің мұғалімі:еститін,ойлайтын, рефлексиялайтын,жобалайтын ұранымен өтеді.Бұл жобаның негізгі мақсаты:мұғалімнің мәртебесін арттыру,жаңа тәжірибесін анықтау, мұғалімдер мен оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмысқа тарту,білім беру мен білім алудың мотивауиясын арттыру.Мұғалім күні:"Ойланатын бірлестігінде білім беру"-бұл күні мұғалім өз шығармашылығымен таныстырады, балаларының еңбектерінде өз көңіл-күйін көреді,мектеп пен оқушылар дамуында өз дауысының маңыздылығы туралы ойлайды.Оқушылар күні "Әр оқушыда қабілет бар,тек қана мүмкіндік керек",Денсаулық күні"Сау болу-белсенді өмір сүру -ол заманауи,сәнді"