2021 жылғы 10 - 20 наурыз аралығында "Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде" Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн форматта «Наурыз дәстүрлері», "Наурыз и его традиции ", "Nauryz and it's traditions" тақырыбында іс-шарлар өткізiлді.
Басты мақсаты: оқушылардың Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; қазақ халық ойындарымен, салт-дәстүрлерімен таныстыру;
• шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту;
• адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, халық дәстүрлерін құрметтеуге,
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін оятуға ықпал ету.
Аталмыш күндері мектеп оқушылары 20 астам наурыз дәстүрлерін ұсынды. Онлайн жобаға 1 – 11 сынып оқушылары, ата-аналар белсенді қатысты. Жалпы 1300 аса көрермен.
Жоба қатысушылары Наурыз дәстүрлері туралы қызықты деректі ашатын және көрсететін креативті видеороликтер, презентациялар жасады. Белсенділікті танытып және шығармашылықтарын жан-жағынан көрсеткен оқушылар мен ата- аналар алғыс хатпен марапатталды.