ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАР АУЫМЫНДА ЖҮРГІЗУШІЛЕР
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 04-07 ақпан аралығында Павлодар облысында «Жаяу жүргінші» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полицейлердің назарында жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілер, сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілер. Ең осал және қорғалмаған жол пайдаланушысы - жаяу жүргінші. Павлодар облысында жыл басынан бері 41 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 60-ы жарақат алды. Жол-көлік оқиғасының 15 оқиғасында жаяу жүргіншілерді қағып, олар түрлі дене жарақаттарын алған, - деп хабарлады Павлодар облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.