Ақпанның жетісінде 7"Б" сынып оқушылары "Естелік" атты мектеп мұражайына барды.
Бұл мұражай 20 жылдан бері жұмыс істейді. Мұражайда оқушыларға Ауған соғысының тарихы туралы айтылды. Оқушылар сол соғысқа ақатысқан жауынгер -батырлардың есімдерін танысты. Музейде небір экспонаттар бар екен. Олар әскери формаға қарады, әртүрлі снарядтарды көрді. Сол кездегі ақшаны да көрдік. Ата-аналарға арналған соғыс хаттары. Мұражай құрылғаннан бері осы музейге жетекшілік етіп келе жатқан мектебіміздің білікті- ұлағатты ұстазы Ольга Юрьевна Хренова. Оқушыларға экскурсия өте ұнады. Олар мұражайға қайта барып, қосымша ақпарат алғысы келеді.