"ҚР Тіл туралы" Заңның орындалуы туралы тақырыптық педагогикалық кеңес
2023 жылдың 30 наурызында "Павлодар қаласының № 5 ЖОББМ" КММ-де "ҚР Тіл туралы" Заңның орындалуы туралы тақырыптық педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің бірінші бөлімінде мектеп басшысының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Н.К. Батталова №5 ЖОББМ-де "Тіл туралы" Заңның іске асырылуы бойынша қысқаша талдау жасады. Педагогикалық кеңестің екінші бөлімінде мектеп мұғалімдері ҚР «Тіл туралы» заңының іске асырудағы оңтайлы әдіс – тәсілдері және мектеп шеңберінде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша ұсыныстарымен бөлісті.