Тамақтану сапасына бракераж комиссиясы мониторинг жүргізді
Мектеп асханасында оқушылардың тамақтану сапасына бракераж комиссиясы мониторинг жүргізді. Ата-аналар тамақтану кестесімен, перспективалы және күнделікті мәзірмен, ата-аналар арасындағы тамақтануды ұйымдастыру және сапасы бойынша сауалнама нәтижелерімен танысты. Дайын өнімнің сапасына органолептикалық бағалау жүргізілді. Өз ескертулері мен тілектерін білдірді.