«Менің өмірімдегі тілдер» эссе байқауы
«№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеуге арналған «Тілдер айлығы» өтті. Тіл – тек оқытылатын пән ғана емес, халықтың жан дүниесі, жанашыры, естелігі, оның қазынасы.
Сондықтан да өткізілген іс-шаралардың барлығы отансүйгіштікке, азаматтыққа, имандылыққа, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталды.
9-сынып оқушылары мектепішілік «Менің өмірімдегі тілдер» эссе байқауына қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды 9 «Д» сынып оқушысы Қабдолла Аяулым иеленді.