1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштер қабылданады
Құрметті ата-аналар!
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштер қабылданатынын ескертеміз.
Өтініштер EGOV сайтындағы электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
Сізге тек үш құжат қажет:
1. № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
2. Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті.
Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша 301491 нөміріне хабарласыңыз.